
Бүгінде снэк нарығы қарқынды трансформациядан өтуде: үйреншікті дәмдер орнын эксперименттерге беріп, эмоциялар сатылымның басты құралына айналды. Брендтер жаңа стратегияларды қалай іске асыруда?
1. Күтуді бұзатын дәмдер Тұтынушылар стандарттан шаршады. Енді оларды таңғалдыратын өнімдер қажет: –Лимонад дәмі бар Utz– жазды қытырлақ күйде «сақтап қалуға» талпыныс, сусынның тәттілігі, қышқылдығы мен газдалуын біріктірген. – Fairfields (чоризо мен қызыл шарап) – дәмдеуішті ет ноталары мен шарап реңктерінің үйлесімі, бір пакетте толық кешкі ас іспетті. – Pringles x Miller Lite – «сырадағы тауық» дәмін беретін коллаборация, снэк пен алкоголь арасында синергия қалыптастырады.
2. Ностальгия — маркетингтік лайфхак Брендтер ересек аудиторияны балалық шаққа қайта оралтады: жазғы демалыс, әже пісірген тағамдар, қысқа жетпейтін маусымдық жеміс-жидектер еске түседі. Шектеулі шығарылым өнімдері сол кездегі тапшылық әсерін қайта тудырады.
Бұл нарық үшін нені білдіреді? Брендтер үшін: – Тәуекел ету қажет. Z ұрпағы мен миллениалдарға тәжірибе керек, жай тамақ емес. – Маусымдылық пен эксклюзив – сату драйверлері. Лимиттелген сериялар чипстерді коллекциялық затқа айналдырады. Тұтынушылар үшін: – Снэк – бұл енді эмоция көзі. Лимонад не сыра дәмі бар чипстерді көру – бұл таңғалудың, бөлісудің, эмоция алудың жолы. Флейвористер мен технологтар үшін: – «Мүмкін емес» дәмдерге сұраныс артуда. Лимонадтың қышқылдығын чипске қалай енгізу керек? Шарап пен чоризоны қалай үйлестіруге болады? Бұл – креатив пен шеберлікті талап ететін жаңа сынақ.
Брендтер қалай бәсекеге қабілетті болып қалады? – Wow-эффект жасау Pringles пен Miller Lite мысалы көрсеткендей, бір қарағанда оғаш көрінетін идея да қызығушылық тудырса, жұмыс істейді. – Контекстпен ойнау Лимонад дәмі – бұл жай ғана тағам емес. Бұл – жаз, еркіндік, пикник туралы естелік. Қаптама, жарнама және storytelling бұл әсерді күшейтуі тиіс. – Глобалды ойлап, локалды бейімдеу Жергілікті нарыққа Жерорта теңізі, Африка немесе Латын Америкасы мотивтерін бейімдеп ұсыну.
Снэктер – жай тамақ емес, таңғалдыратын құрал Сәттілік енді қаптаманың көлеміне емес, дәмнің есте қалу қабілетіне, ностальгия тудыруына және әңгіме болуына байланысты. Өнім емес, тәжірибе ұсынатын брендтер жаңа ұрпақтың адалдығына ие болады.
SEGMENTA компаниясында біз осындай сынақтармен өмір сүреміз – және "мүмкін емес" дәмдерді шындыққа айналдырамыз. Біздің флейвористер мен технологтар тек техникалық шешімдермен шектелмейді — біз таңғалдыратын, шабыттандыратын, есте қалатын дәмдерді жасаймыз.
Ең батыл идеяңызды бізге сеніп тапсырыңыз – дәм мен иіс әлемінде шекара жоқ екенін дәлелдейміз!